Орал тұрғыны тіс емханасынан 1,2 млн теңге өндіріп алды
Орал қаласының тұрғыны тіс емханасына жүгінген.
Оған «Жеке стоматологиялық емхана» ЖШС-де үстіңгі тістерін цирконий крондарымен протездеу, металл керамика, тістердің пішіні мен түсін жалған винирмен түзету қызметтері көрсетілген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол емханаға қызметі үшін 700 мың теңге төлеген.
Алайда қызмет сапасының төмендігінен емделуші Алматыдағы басқа емханаға баруға мәжбүр болған, ондағы қызмет құны түзетулерді есепке алғанда 1,2 млн теңгеден асып кеткен.
Стоматология емделушісі Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне хабарласып, ЖШС емханасының жұмыс сапасының төмендігін атап көрсеткен.
Анықталған бұзушылықтар бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.
Емханадан келтірілген материалдық шығынды өндіру үшін ЖШС сотқа жүгінген.
Орал қаласының N2 соты істі қарап, тіс емханасынан 1,2 млн теңге материалдық және моральдық шығын өндірді.