Алматыда пакетке салынған әйелдің денесі табылды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде қылмыс орнынан түсірілген видео таралды.

931

Мегаполистен әйелдің денесі табылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы бірінші болып Instagram-да жергілікті блогер Тайыр Жиғанбаев хабарлады. Ол қылмыс орнынан видео да жариялаған. Видеода көп полиция қызметкерінің жүргені көрсетілген.

«Алматының бірінші ауданында пакетке салынған әйелдің денесі табылды. Жасы шамамен 45-50 жаста», – деп жазылған бейнежазбаның сипаттамасында.

Бұл ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растап отыр. Турксіб аудандық полиция басқармасы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Объективті жағдайларды анықтау мақсатында кешенді операциялық және тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары