Қайта пайдаланылатын пластик бөтелкелер мен контейнерлерден қауіпті химикаттар табылды
Қайта пайдаланылатын пластик бөтелкелер мен контейнерлерден қауіпті химикаттар табылды.
The Washington Post басылымының хабарлауынша, күнделікті қолданылатын пластик контейнерлер мен бөтелкелерде 16 000 түрлі химикат анықталған, оның ішінде 4 200-і денсаулыққа қауіпті болып шықты.
Ғалымдардың айтуынша, микротолқынды пеште тамақты пластик ыдыста жылыту немесе ескі бөтелкеге суды қайта құю кезінде пластиктен улы заттар бөлінеді. Бұл заттар адам ағзасына түсіп, обыр (рак) ауруы мен басқа да ауыр сырқаттардың даму қаупін арттырады.
Зерттеуді Gannon University ғалымдары жүргізді. Олар пластиктің жылу немесе ұзақ уақыт пайдалану кезінде химиялық тұрақтылығын жоғалтатынын анықтады. Мамандар азық-түлік сақтауға арналған пластик ыдыстарды қайта пайдаланбауға және ыстық тамақты пластикте қыздырмауға кеңес береді.