325
Алматыда альпинист 12-қабаттан құлап, қаза тапты
Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда Төле би көшесіндегі «Assem Plaza» тұрғын үй кешенінде болған.
Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда Төле би көшесіндегі «Assem Plaza» тұрғын үй кешенінде болған. Қайтыс болған альпинист 27 жаста болған.
Алматы полиция департаменті өкілдері еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
«Оқиғаның басқа мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомстводағылар.