«Мен ұзатқан қыздар қайтып келмейді»: әнші Айдар Тұрғамбек не үшін тойға шығатынын айтты

Әнші алғаш қыз ұзатуға шыққанда сынға қалғанын жасырмады

«Мен ұзатқан қыздар қайтып келмейді»: әнші Айдар Тұрғамбек не үшін тойға шығатынын айтты
фото: видеодан скриншот
238

Әнші, "Жігіттер" тобының мүшесі Айдар Тұрғамбек "1001 түн" телебағдарламасына сұхбат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші алғаш қыз ұзатуға шыққанда сынға қалғанын жасырмады.

"Ұзату той деген, қызды алып шығып, ұзату дегенді қателеспесем, 2010 жылы алғаш рет Астанада Жазира әпкеміз бастады. Оның сценарийін Жан-Мұқан деген кісі қойып берді. Бұл содан кейін дәстүр секілді болып кетті. Бұрын Шымкентте тек қызды ұзатуда айтылатын әндер болатын. Мен сол дәстүрді алып, "Қарындасқа" деген ән жаздым. Әнді менің айтқаным тойдағы халыққа өте оғаш көрінді, олар бұрынғыға үйреніп қалған. Кейінірек "бұл еркек адам, неге қызды ұзатады?" деген әңгіме шықты. Бірақ бұл бізде жаңалық емес, баяғыдан келе жатқан дүние. Сөйтіп қоғам кішкене үйренген секілді. Оған қоса, кейде әзілдеп, "мен ұзатқан қыздар қайтып келмейді" деп айтамын. Тастай батып, судай сіңіп кетеді, бәрінің 4-5 бала-шағасы бар, сондай-ақ мен ұзатқанда оны үйіне дейін апарып тастаймын", - дейді әнші.

Серіктес жаңалықтары