159
Бүгіннен бастап жазғы шинамен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады
Аталған талаптарды бұзғаны үшін 5 АЕК қарастырылған
1 желтоқсаннан бастап көлігінің дөңгелегін қысқы шинаға ауыстырмаған жүргізушілер жауапқа тартылады.
«Қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көліктерді пайдалануға тыйым салынады, бірінші желтоқсаннан кейін автокөліктің барлық дөңгелектері ауыстырылмаса көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Аталған талаптарды бұзғаны үшін 5 АЕК қарастырылған», – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Асхат Құлбаев.
Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-тармағына сәйкес, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін көлік құралын басқару 5 АЕК (18,4 мың теңге) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.