14463
Сейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі отбасылық құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
Экатерина Вайт журналист Анна Данченкоға сұқбат берді.
Әнші Сейфуллин Жолбарыспен бір шаңырақ астында 16 жыл тұрған Экатерина Вайт жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп жазды turkystan.kz.
«Өте қиын тақырып... Өзім жерге жатып алып, жылаған кездерім болды. Мені, көбі «орысты неге алған» дегендей сөздер айтып, мойындамады. Денсаулығым дұрыс болмағанын енем жақсы білді. Бүкіл ауыртпашылықты қыздарым көрді. «Мама, кетейікші» деді қыздарым. 16 жыл бірге тұрып, ажырасу өте қиын екен. Фамилиясын қайтарып бердім», — деді сұхбат барысында Екатерина көзіне жас алып.
Еске салсақ, бұған дейін Сейфуллин Жолбарыс келіншегімен ажырасып кеткенін растағаны туралы жазған едік.