778
Сейфуллин Жолбарыс келіншегімен ажырасып кеткенін растады
Олар 15 жыл бірге өмір сүрген.
Белгілі әнші Сейфуллин Жолбарыс жұбайы Екатеринамен ажырасып кеткенін растады, деп жазады turkystan.kz.
Композитор бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
«Өзара ортақ шешімге келіп, біз екеуміздің екі жыл бұрын ажырасқанымызды растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен жақсы ана болуға тырысамыз. Журналистер және өзге адамдардың артық сұрақтар қоймауын сұраймыз», - деп жазды ол.
Олар екі жыл бұрын бөлек кеткен. Ортақ екі қызы бар.