«Орынсыз қызғана берме»: Ғаділбек Жаңай жұбайын жылатып алды (ВИДЕО)
Әншінің жаңа әні жарыққа шықты.
Ғаділбек Жаңай жаңа туындысын тыңдатамын деп, жұбайын жылатып алды, деп жазды turkystan.kz.
Белгілі болғандай ән әншінің әйеліне арналған.
«Маған сеніп,бар өміріңді арнағаның үшін осы әнімді кезекті сыйлығым деп қабыл ал, Қатөш. Мені орынсыз қызғана берме. Сені 7 миллиард адамның ішінен таңдағанымның өзі жеткілікті емес пе?», – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, әннің сөзін ақын Ақберен Елгезек жазса, әнін музыкант Талғат Лес жазған. Бұл туындыны Ақберен Елгезек өз жұбайына арнап шығарғанын айтқан.
«Динамның туған күніне сыйым болсын деп осы әнді арнайы жаздырдым. Талғат Лес бауырым жүрегімнің пернелерін дәл тауып басып, әдемі ән шығарды. Оны таланты бөлек, өзі ақжүрек бауырым, қазақтың тамаша әншісі Ғаділбек Жанай жүрекпен орындап шықты», – деп жазды ақын.