Павлодар әкімі: Пәтерімді несиеге сатып алдым

Павлодар әкімі: Пәтерімді несиеге сатып алдым

Павлодар әкімі: Пәтерімді несиеге сатып алдым
ашық дереккөзі

Павлодар әкімі Нұржан Әшімбетов өзін балабақша ғимаратында тұрып жатыр деп айыптағандарға жауап берді. Бұл туралы pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады. 

Әкімнің айтуынша, ол балабақша ғимаратында ешқашан тұрмаған. Нұржан Әшімбетов Ломов көшесі, 50/1-үйде ешқандай балабақша болмағанын айтады. 90-жылдарға дейін ол жерде туберкулезге қарсы мемлекеттік мекеме болған. Ол кейіннен басқа ғимаратқа көшірілді. 90-жылдардың ортасында ғимарат жекешелендіріліп, содан бері жекеменшікте.

"Аталған мекенжай бойынша орналасқан 4 бөлмелі пәтерді мен 2012 жылы жеке тұлғадан 22 350 000 теңгеге сатып алғанмын, - дейді Нұржан Әшімбетов. - Мен бұл пәтердің үшінші қожайынымын, сәйкесінше ғимараттың жекешелендірілуіне еш қатысым жоқ. Ал пәтерді сатып алуға ақшаны "Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі" АҚ арқылы алған болатынмын. Ай сайын жалақымнан несие төлеп отырамын", - деді ол.