626
Моңғолия қазағы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды
Моңғолия премьер-министрінің бұйрығымен Баян-Өлгий аймағының әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды. Бұл туралы Kaznews ақпарат агенттігі жазды.
Жжаңадан сайланған Баян-Өлгий аймақтық Азаматтар өкілдері Хуралының 28 қазан күнгі алғашқы мәжілісінде аймақтың жаңа әкіміне Заңғар Есентайұлының кандидатурасын қолдап, Моңғолия премьер-министріне ұсынған болатын.
«Моңғолия премьер-министрінің өкімімен бұған дейін екі рет аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының депутаты әрі аймақтық демократиялық партия басшысы қызметін атқарған, Самал компаниясының директоры болып жұмыс істеген Заңғар Есентайұлы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды», - деп жазады моңғолиялық БАҚ.