Абай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен семейлік тұрғын өлі табылды

/
Абай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен семейлік тұрғын өлі табылды
Абай облысы ПД

11 қараша күні сағат 15:40-та іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бұған дейін іздеуде болған 1982 жылы туған Ринат Ахметовтің мәйітін тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ер адамның денесі Бородулиха ауданына қарасты Нововасильевка ауылынан шамамен 35 шақырым қашықтықтағы далалық жерден табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге үсіп қалу себеп болуы мүмкін. Қайтыс болудың нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Іздеу жұмыстарына 60-тан астам полиция қызметкері, оның ішінде Абай облысы Полиция департаментінің 30 ЖҚАЖ қызметкері қатысты. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар органдарының 10 қызметкері, 50 әскери қызметші, төрт ерікті және жоғалған азаматтың 10 туысы мен достары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар да көмектесті. Жету қиын, жолы күрделі жерлерде жергілікті тұрғындардың 12 тракторы мен полицияның екі квадроциклі пайдаланылды.

Абай облысы Полиция департаменті марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары