«Үй алып бердік деп 3-4 айға пәтер жалдап берген»: «Елге көмек» қайырымдылық қорының былығы ашылды

Ұлжанның айтуынша, қайырымдылық қоры қарияны 3-4 айлық пәтерақысын төлеп, жалдамалы пәтерге тұрғызған

«Үй алып бердік деп 3-4 айға пәтер жалдап берген»: «Елге көмек» қайырымдылық қорының былығы ашылды
фото: әлеуметтік желіден
790

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-парақшасында «Елге көмек» қайырымдылық қоры халықты алдап, ақша жинап жүргенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Елге көмек» қайырымдылық қоры «осы апаға үй алып берейік, бір қазақ үйлі болсын» деп видео түсірді. Бәріміз сендік. Кейін «апаға үй алдық, осынша ақша жиналды» деп есеп берді. Апаны 3-4 ай көрмедік. Бірақ бір күні тағы қайыр сұрап отырғанын көрдім. Жанына барып «апа, үйіңіз бар, неге тағы шықтыңыз?» деп сұрадым. Ол кісі бәрінің өтірік екенін айтты», - дейді алматылық келіншек.  

Ұлжанның айтуынша, қайырымдылық қоры қарияны 3-4 айлық пәтерақысын төлеп, жалдамалы пәтерге тұрғызған.  Кейін мерзімі біткен соң қарияны пәтерден шығарып жіберген.

Қор мүшелері «Апаны емдеттік» деп те айтқан. Бірақ апаның айтуынша, мүлдем емдетпеген екен. Бәрін видео үшін жасаған. Поликлиникаға да видео үшін кіріп шыққан», - дейді ол.

Гүлмира Әбіқай сөз соңында «Елге көмек» қайырымдылық қорынан ресми жауап күтіп отырғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары