431
Қашықтан жұмыс істейтіндер кеңсеге баратындарға қарағанда 24 минутқа ғана көбірек ұйықтайды – зерттеу
Жақында BBC-де жарияланған зерттеу қашықтан жұмыс істейтіндердің ұйқысы туралы мифті жоққа шығарды.
Қашықтан жұмыс істейтіндер кеңсе қызметкерлеріне қарағанда небәрі 24 минутқа көбірек ұйықтайды.
Алайда, BBC жазғандай, қашықтан жұмыс істеудің басты құндылығы уақытпен өлшенбейді.
Қашықтан жұмыс істеудің басты артықшылығы – кептеліске байланысты стресс болмайды. Олар таңы кеңсе қызметкерлеріне қарағанда жайлырақ басталады.
Зерттеулерге сәйкес, қашықтан жұмыс істейтіндер жолға кететін уақыттан орташа есеппен күніне 1 сағат үнемдейді. Бұл жылына қосымша 1 ай демалыс алғанмен тең.