260
Астанада автобус жүргіншіні қағып кетті (ВИДЕО)
Жол апаты Шарбақты көшесінде болған.
![Астанада автобус жүргіншіні қағып кетті (ВИДЕО)](https://turkystan.kz/cache/imagine/1200/uploads/resized-images/2024/11/1731657217.png)
Астана көшелерінің бірінде жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Куәгерлер оқиғаны таспаға түсіріп алған. Видеодан автобустың жанында жатқан адамды көруге болады.
Астана қаласының Полиция департаментінің мәліметінще жол-көлік апаты биылғы 7 қараша күні Шарбақты көшесінде болған.
«Автобус жүргізушісі өтуге болмайтын жерден өткен жүргіншіні қағып кетті. Түрлі жарақат алған жүргінші ауруханаға жатқызылды. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді полиция.