Астанада 3,6 млн теңге пара алған шенеунік сотталды
Апелляциялық инстанция сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.
2024 жылдың 13 қарашасында Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық тәртіпте Р.Төлегеновке қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
2024 жылдың 24 қыркүйегінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы бөлімінің басшысы Р.Төлегенов артық төленген ҚҚС салығын қайтару үшін «С» ЖШС директорынан 3,6 млн теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, белгілі бір қызметтер атқару құқығынан өмір бойына айырылған.
Алайда ол сот үкімімен келіспей, жазаны жеңілдетіп, айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұраған.
Апелляциялық инстанция сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді.