Алматы облысындағы «Іле су» мекемесіне тексеріс жүргізілді

«Іле су» мекемесінің жалған адамдарға жалақыны төлегені туралы ақпарат тарады

Алматы облысындағы «Іле су» мекемесіне тексеріс жүргізілді
istockphoto.com
199

Әлеуметтік желіде Алматы облысында қызмет көрсететін «Іле су» мекемесінің жалған адамдарға жалақыны төлегені туралы ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.

– «Іле су» қызметкерлері басқарма тарапынан жалған адамдарға жалақы аударылатынын және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері бар екенін хабарлайды. Олар сондай-ақ қажет емес заттарды сатып алуға келісім жасасқан. Анықталған фактілер аудиторлық және сот процестерімен расталады, – деп жазды әлеуметтік желіде Темірлан Стечкин.

Әкімдік мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта сот талқылаулары жүргізіліп жатыр.

– Осы жылдың 12 қаңтарынан 20 наурызына дейін Ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Іле су" ШЖҚ МКК-ның қызметіне тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде бюджет қаражатының жалған тұлғалардың есепшоттарына аударылғаны және бөлінген қаржының мақсатсыз жұмсалғаны анықталды. Кәсіпорын бұл қорытындыларды жоққа шығаратын егжей-тегжейлі және негізделген қарсылықтар ұсынды. Қазіргі уақытта аудит қорытындысы мен тексеру барысында жасалған тұжырымдарды даулауға байланысты сот талқылаулары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары