162
Өскеменде ҚАЖД қызметкерлері 5,8 млн теңге ұрлаған
Өскемен қаласының соты облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды.
№17 мекеме бастығының бұрынғы орынбасары мен аға инспектор жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы тұрғын үй комиссиясына әдейі жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 млн теңге көлеміндегі қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.
Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушылар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.