171
Астанада автобус 22 жастағы бойжеткенді қағып кетті
Жаяу жүргінші алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды.
Астанада автобус жүргізушісі 22 жастағы бойжеткен қызды қағып кетті. Жапа шегуші алған жарақатынан мерт болған. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жұбан Молдағалиев көшесінде маршруттық автобустың жүргізушісі белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс шеңберінде біз көлік басқармасына жол-көлік оқиғаларының туындауына немесе жасалуына ықпал ететін мән-жайларды жою туралы ұсыным жіберетін боламыз», - деп мәлімдеді Астана қаласы Полиция департаменті Анықтау басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әсет Сүлейменов.