240
Түркияның оңтүстігінде жер сілкінді
Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырымдай тереңдікте жатқаны айтылды
Түркияның оңтүстігінде Адана провинциясында магнитудасы 5 баллды құраған жер сілкінісі тіркелді.
Төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасы (AFAD) таратқан ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 22:07-де Козан ауданында болған.
Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырымдай тереңдікте жатқаны айтылды.
Әзірге зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ.