Цукерберг тамақ ішуге арналған купондарды «мақсатсыз» пайдаланғаны үшін 20 қызметкерді жұмыстан шығарды

Цукерберг тамақ ішуге арналған купондарды «мақсатсыз» пайдаланғаны үшін 20 қызметкерді жұмыстан шығарды
сурет: istockphoto.com
264

Цукерберг тамақ ішуге арналған купондарды «мақсатсыз» пайдаланғаны үшін 20 қызметкерді жұмыстан шығарды. Бұл туралы nypost.com жазды. 

Meta компаниясының басшысы Марк Цукерберг 20 қызметкерді 25 долларлық тамақ купондарын дұрыс пайдаланбағаны үшін жұмыстан босатты.

Қызметкерлер бұл купондарды таңғы ас пен түскі асқа емес, шарап бокалдары, жуғыш заттар мен косметика сатып алуға жұмсаған.  

Жұмыстан босатылған қызметкерлер бұл жағдайды абсурд деп атады. Олардың айтуынша, компания жылына 400 мың доллар жалақы төлей отырып, 25 долларлық купон шығыны үшін жұмыстан шығарған.

Серіктес жаңалықтары