Париж Олимпиадасына қатысқан қазақстандық дзюдошы үйленді

Спортшы үйлену тойын Қызылорда қаласында өткізді.

Париж Олимпиадасына қатысқан қазақстандық дзюдошы үйленді
скриншот
314

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрлыхан Шархан шаңырақ көтерді. Бұл туралы дзюдошы Ғалия Тынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. 

«Шархан, той құтты болсын!», деп жазды Ғ. Тынбаева.

Спортшы үйлену тойын Қызылорда қаласында өткізді. Ол Райгүл есімді арумен шаңырақ көтерді. Дзюдошының тойына оның құрамадағы әріптестері мен жақындары құрметті қонақ болып барған.

Айта кетейік, Нұрлыхан Шархан 100 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Франция астанасы Парижде өткен Олимпиада ойындарында сынға түскен. Қазақстандық дзюдошы Олимпиаданың 1/8 финалында өзбекстандық Музаффарбек Туробоевқа есе жіберіп қойған болатын.

Серіктес жаңалықтары