Ақтауда әзіл үшін жедел жәрдем шақырған азамат жазаланды

Ол пранк жасамақшы болған.

Ақтауда әзіл үшін жедел жәрдем шақырған азамат жазаланды
istockphoto.com
Автор
Админ
342

Ақтау тұрғыны әзіл үшін жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 14 қазанда болған. Ақтау тұрғыны «103» нөміріне қоңырау соғып, өте көп мөлшерде медикамент қабылдағанын айтқан.

«Жедел жәрдем оқиға орнына келгенде ол «пранк» жасау үшін қоңырау соққанын айтқан», - деді Маңғыстау облысының Жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 438-бабына сәйкес жалған қоңырау ретінде тіркеліп, оған 80 000 теңге айыппұл салынған.

Серіктес жаңалықтары