Әнші қызының әлеуметтік желідегі парақшасын жандандыра бастады.
Белгілі әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде тоғыз айлық қызының суретін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Әпкелері фотоға түсіріп жатыр. Негізі 7 қазанда 9 айға толған еді. Бұған дейін қолымыз тимей, қызымызға енді фотосессия жасап жатырмыз», – деп жазды А. Жорабаева.
Еске салайық, өнер иесінің кенжесі - Амина Әлішерқызы биылғы қаңтардың жетінші жұлдызында өмір есігін ашқан еді.