Шығыс Қазақстанда Рахман қайнарына апаратын жол ашылды

/
Шығыс Қазақстанда Рахман қайнарына апаратын жол ашылды
Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары жолының 437-450 шақырым аралығындағы учаскесі пайдалануға берілді.

Жоба 2025-2026 жылдары жүзеге асырылды. Ұзындығы 13 шақырым болатын жолға жаңа асфальт төселді. Сонымен қатар 17 су өткізу науасы мен 3 су өткізгіш құбыр салынды.

Жаңартылған жол учаскесі жол жүру уақытын қысқартуға және көлік құралдарының тозуын азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары бағыты өңірдің әлеуметтік-экономикалық және туристік маңызы жоғары көлік дәліздерінің бірі саналады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары