Өзбекстанда Қазақстан азаматы ұсталды

Қазақстан азаматы есірткі алып жатқан жерінен ұсталған

Өзбекстанда Қазақстан азаматы ұсталды
istockphoto.com
369

Өзбекстанның Сурхандария облысында Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz осы елдің Мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, Музрабад ауданында Ауғанстаннан келген есірткі таратылған. Соның бір бөлігі Термез қаласына жеткізілген. Термезде есірткі таратушылар жасырын жерге апиын мен бірнеше келі наша тығып қойған. Оны Самарқанд қаласының тұрғыны сатып алып, ары қарай таратуды жоспарлаған. Ал есірткінің әрбір келісі үшін 2 300 доллар төледі.

Сондай-ақ шұғыл шаралар барысында 1976 жылы туған Қазақстан азаматы ұсталды.

Қазіргі кезде ұсталған барлық адам қамауға алынды. Қылмыстық істер қозғалды.

Айта кетері, Өзбекстан заңнамасы бойынша есірткінің мөлшері аз (0,2 грамм) болса, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал есірткінің мөлшері көп болса, 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Серіктес жаңалықтары