Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Анна Данилина Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің финалына шықты.
Ол ресейлік Ирина Хромачевамен бірге жартылай финалда ресейлік Екатерина Александрова – чехиялық Катерина Синяковамен кездесті.
Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп айқын басымдылық көрсетті – 6:1. Екіншісін де сәтті аяқтады – 6:4.