295
Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде үш спортшымыз «қолаға» таласады
Дзюдодан Қазақстан командасының үш бірдей өкілі Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде үшінші орын үшін күреседі.
48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова жұбаныш раундында жеңіске жетті. Ол франциялық Лаура Эспадиньядан басым түсті. Қола жүлде үшін ол Сара Иштпен таласады.
60 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шығатын Дәурен Сүюкенов те жұбаныш айналымында өзбекстандық қарсыласы Камолиддин Бахтиеровты жеңді.
Ал енді оның қарсыласы жартылай финалда Седрик Риволдан жеңілген (Франция) қазақстандық Мағжан Шамшадин болмақ.