Солтүстік Қазақстан облысында қар жауды

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауды
скриншот
502

Петропавл қаласында алғашқы қар жауды. Қолайсыз ауа райына байланысты өңірде дауылды ескерту жарияланды.

Синтоптиктердің болжауынша, бүгін облыстың шығыс, батыс және солтүстік өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауады. Соңы боранға ұласып, көктайғақ болуы ықтимал.

Ертең жекелеген аудандарда желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ ауа температурасы -7 градусқа дейін төмендейді.

Серіктес жаңалықтары