Девальвация болуы мүмкін бе? Вице-министр жауап берді
Ұлттық валюта орнықты.
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов девальвацияға қатысты пікір білдірді.
«Соңғы үш жылда бұқаралық ақпарат құралдарында доллар бағамы қатты өсетіні айтылып келеді. Бірақ бізде девальвация көптен бері болған жоқ. Себебі оған нақты негіздер болуы керек. Биылғы экспортымыз былтырғыға қарағанда әлдеқайда көп. Импорт азайды. Күні бүгін сауда балансы жақсы. Сондықтан дәл қазір бізде девальвация үшін ешқандай негіз жоқ», - деді вице-министр Сенаттағы брифингте.
Оның айтуынша ұлттық валюта орнықты.
«Ұлттық валютаға түрлі факторлар әсер етеді. Кез-келген басқа валюта сияқты ол елдің импорты мен экспортына тәуелді. Осындай факторлардың ықпалымен өзгеруі мүмкін. Жалпы валютаның тұрақтылығын көріп отырсыздар. Ұлттық валютадағы депозиттердің кірістілігі шетелдік валютаға қарағанда әлдеқайда жоғары», - деді ол.