Биржада доллар бағасы 454 теңгеге дейін түсті

/
Биржада доллар бағасы 454 теңгеге дейін түсті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 454,31 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,04 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 7 қыркүйекке белгілеген доллардың ресми бағамы 456,56 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 454,06 теңгеден сатып алып, 455,94 теңгеден сатып жатыр. Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 452 теңгеден сатып алып, 459,25 теңгеден сатуда. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллардың сатып алу бағасы орта есеппен 454,42 теңге, ал сату бағасы 456,46 теңге болып отыр.

Еске салайық, 26 тамыздағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,66 теңгеге өскен. 27 тамызда бағам 3,28 теңгеге, 28 тамызда 2,1 теңгеге көтерілді. 31 тамызда доллар бағамы 2,23 теңгеге, 1 қыркүйекте 3,12 теңгеге, 2 қыркүйекте 2,97 теңгеге төмендеді. 3 қыркүйекте бағам 0,47 теңгеге, ал 4 қыркүйекте 0,53 теңгеге өсті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары