Жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді, тергеу жүріп жатыр.
Алматыда автобус жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан кішкентай баланы қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға орнында түсірілген видео Telegram-дағы Almaty LIVE арнасында пайда болды. Алматы полиция департаменті өкілі ақпаратты растады.
«Жол апаты Алматы қаласының Бостандық ауданында сағат 14:05-те болды. Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан автобус Айманов көшесімен қиылыста жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп бара жатқан 5 жасар баланы соғып кетті», - делінген жауапта.
Жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді, тергеу жүріп жатыр.