Әр мемлекеттің дамуында референдумның орны бөлек – Мұрат Әбенов

Мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов референдумға қатысып, өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Әр мемлекеттің дамуында референдумның орны бөлек – Мұрат Әбенов
Автор
Админ
207

Бұл туралы депутаттың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Елдің болашағын таңдау құқығымды іске асырдым. Республика деген ұғымның түпкі ерекшелігі - халық билігі.  Әр адам мемлекеттің маңызды шешімдер бойынша өз біліміне, тәжіриебесіне, саяси ұстанымына, адами құндылығына сүйеніп таңдауын жасауға құқығы бар.  Ол құқығын іске асыру негізгі құралдары Сайлау және Референдум! Сайлау жиі болып турады. Ол мемлекеттік билікті заңдастыру құралы - бұл саяси топтар үшін қызығушылығы жоғары болатын шара. Халық өзі сенгендеріне өкілетті билікті шектелген мерзімге  тапсырады. Дұрыс болмаса келесі сайлауда саяси таңдауын өзгертуге құқығы бар. Ал Референдум әр мемлекеттің дамуында орны ең жоғары деңгейде тұрады. Ел мүддесі үшін аса маңызды шешім қабылдарда азаматтар өз өкілдері арқылы емес, өздері тікелей келісімдерін беріп-бермеу арқылы шешім қабылдайды.

Көп жағдайда билік бұндай Референдумды өткізбейді. Уақытты , қаржыны, ұйымдастыру жұмысты көп талап етеді, және өзекті тақырыпты көпшіліктің алдына шығарып көп шулатқысы келмейді. Әсіресе авторитарлық билік қоғамның пікіріне сүйенетін Референдум жасағысы келмейді : "өзім білемін, халық бәрібір түсінбейді, жаман үйренеді биліктің жұмысына араласып" - деген көзқарастар басым. Тоталитарлық жүйе Референдум өткізсе тек өз жеке билігін ұзарту , күшейту үшін. КСРО ( СССР ) кезінде бір ақ рет Референдум өтті , СССР ды Коммунизмді сақтап қалу үшін. Ол да КСРО әлсізденіп тарау алдында - 1991 жылы. Бірақ ондай амал жоқ "демократиялық өзгеріс" СССР ды сақтап қалуға пайдасын тигізе алмады.

Керісінше дамыған мамлекеттерде Референдум азаматтардың Мемлекет басқару жұмысына тікелей араласудың негізгі құралы деп түсінеді. Бұның негізінде: "Мен салық төлеймін, мен бұл мемлекеттің иесімін, менің атымнан билік өз қызметін атқарады, мен маңызды мәселені өзім шешуім керек" - деген азаматтық ұстаным. Бүгін біздің мемлекетімізде сондай маңызды күн. Өз құқығымды пайдаланып мемлекетеміздің болашағын таңдау жасап қайттым. Өз біліміме, өмірлік тәжіриебеме , азаматтық ұстанымыма сүйеніп дауыс бердім», - дейді депутат.  

Серіктес жаңалықтары