171
Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум басталды
Референдумда 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматтары дауыс бере алады
Қазақстанда республикалық референдум басталды. Онда азаматтар республикада атом электр станциясын салу немесе салмау туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан заңнамасына сәйкес референдум – бұл Конституция, заң жобалары және мемлекеттік өмірдің басқа да маңызды мәселелері бойынша бүкілхалықтық дауыс беру. Оны “Республикалық референдум туралы” конституциялық заң реттейді, ал ұйымдастырумен арнайы құрылған комиссия айналысады.
Бүгін, 6 қазанда дауыс беру сайлау учаскелерінде 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сонымен қатар 80-нен астам учаске жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша барлығы 10 000-нан астам дауыс беру учаскесі бар.
Референдумда 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматтары дауыс бере алады. Дауыс беру бюллетеньдері қазақ және орыс тілдерінде басылады.