АЭС – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолы
Елімізде АЭС салынып, ел игілігіне берілсе, көмір жағу арқылы өндірілетін энергияның үлесі қазіргі 61-ден 40 пайызға дейін төмендемек.
Бүгін Халықтық штаб мүшелері АЭС құрылысы туралы Бородулиха ауданының шағын және орта бизнес өкілдерімен, Өскемен су арнасының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Халықтық штабтың мүшесі Ильяшева Гүлмира АЭС салу жөніндегі республикалық референдум қарсаңында оның маңызын талқылады.
«Сыртқы тәуекелдерді азайту және жобаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тексерілген халықаралық әріптестермен ынтымақтастықтың егжей-тегжейлі тетіктері, сондай-ақ озық технологияларды енгізу көзделген. Азаматтардың денсаулығын, флора мен фаунаны қорғау мемлекеттің басымдықтарының бірі болып табылады. Сондықтан, АЭС бойынша халық оң шешім қабылдаған жағдайда, Қазақстанда осы салада озық технологияларды пайдалану, атап айтқанда, III және III+ жаңа буын атом электр станциясын салу жоспарлануда. Олардың ерекшелігі-белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерін қосу. Олар ішкі және сыртқы шығу қатерлері жағдайында атом электр станцияларының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті спикер.
АЭС салу елді сенімді және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның одан әрі экономикалық өсуіне және халықаралық ұстанымдарын нығайтуға ынталандыратындығын да кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып жеткізді.
Кездесу белсенді талқылау форматында өтті. Атом электр станциясының құрылысына қатысты азаматтардың алаңдаушылығын тудырған сұрақтарға толық түсініктемелер берілді.
Бұдан кейін халық штаб мүшелері Өскемен су арнасының қызметкерлерімен және БПҰ мүшелерімен кездесті. Кездесуде атом электр станциясын салу мен пайдаланудағы қауіпсіздік, жергілікті мамандардың құзыреті, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.
«Егер АЭС бой көтеріп, ел игілігіне берілсе, көмір жағу арқылы өндірілетін энергияның үлесі қазіргі 61-ден 40 пайызға дейін төмендейді. Осылайша, атом электр станцияларының құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуде қабылданған стратегиясын орындаудың негізгі қадамы болмақ», – деді штаб мүшесі Сергей Коротин.
Жиын соңында жиналғандар энергетикалық проблемаларды шешу және тұрақты дамуды қамтамасыз ету ісіндегі атом энергетикасының маңызын түсініп, АЭС құрылысына толық қолдау білдірді. Олар атом станциясы құрылысына дауыс беруге ниетті.