431
Түркістан тұрғыны емтихансыз жүргізуші куәлігін алу үшін алаяққа 250 мың теңге берген
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды.
Түркістан облысының тұрғыны танысының «емтихансыз жүргізуші куәлігін алып беремін» деген сөзіне сеніп, оның «қызметі» үшін 250 мың теңге берген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Созақ ауданының полициясы 40 жастағы азаматты алаяқтық күдігімен ұстады. Ол алған қаражатты өз қажетіне жұмсаған. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс материалдары сотқа жолданған.
Полиция автокөлік жүргізу курсын оқып, емтихан тапсырып барып жүргізуші куәлігін алуға шақырады. Себебі автокөлік жүргізіп үйренбеген, жол ережелерін толық білмейтін адамдар жол апатына жиі түседі.