445
Шымкенттік құтқарушылар ерекше оқиғаның куәсі болды
Бүгін, 3 қазанда Шымкенттік құтқарушылар ерекше оқиғаның куәсі болды, деп хабарлайды turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалтаев көшесіндегі үйлердің бірінде екі жасар бала абайсызда басына өзінің дәретке отыратын ыдысын киіп, өздігінен шеше алмаған.
Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шанц құралдардың көмегімен баланың басынан оны абайлап шешіп алды.
"Бәрі ойдағыдай өтті. Балаларға қамқорлық жасаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз!", - делінген хабарламада.