Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали «Астарлы ақиқатта» той жасады (ВИДЕО)

Олар бұл сәтті 9 жыл күткенін айтты.

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали «Астарлы ақиқатта» той жасады (ВИДЕО)
скриншот/YouTube
440

Эстрадағы жұлдызды жұптардың бірі Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали «Астарлы ақиқат» бағдарламасында үйлену тойын жасады.

Олар бұл сәтті 9 жыл күткенін айтты. Жұлдызды жұп белгілі бір себептерге байланысты жасай алмаған тойды студияда көпшіліктің алдында тойлауды шешкен.

«Бұл тойды 9 жыл бұрын жасайын деп ойлап едік. Бірақ Жұлдыздың ұзатуынан кейін хейт басталып кетті. Сол кезде Жұлдызға «Кішкене күте тұрайық, халық үйренсін бұл жаңалыққа, ашуы басылсын» деген едім. Сосын енді той жасайын деп жатқанда кино түсіріп кеттік. Оны аяқтап, енді той істейін дегенде, коронавирус басталып кетті. Әне-міне деп жүріп үй салдық, сөйтіп жүргенде 9 жыл өтіп кетіпті ғой. Енді, міне, той жасайық деп шештік. Жұлдызға о баста айтқанмын, «Той жасаймыз, сен ақ көйлек киесің» деп. Кез келген қыз баланың арманы – ақ көйлек киіп, күйеуге тию», – деді Айқын Төлепберген. 

Серіктес жаңалықтары