АЭС ел экономикасының өркендеуіне серпін береді

АЭС ел экономикасының өркендеуіне серпін береді
666

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында АЭС салудың маңызы мен артықшылығы талқыланды. Штаб мүшелері кездесуде әлем бойынша энергия тапшылығы күшейіп келе жатқанын атап өтті.

Штаб мүшесі Оспанова Әлия атом электр станциялары ауаға, жерге және суға зиян тигізбейтінін айтты.

«АЭС – бұл таза, жасыл энергия. Атомдық энергия ауаға, жерге және суға зиян тигізбейді. Ол әлемнің дамыған елдерінде сенімді энергия көзі ретінде қолданылып келеді. Бұл жоба елді энергетикалық тапшылықтан құтқарады. Көпшілігіңіз 90-жылдардағы жарық пен жылудың болмаған кезін жақсы білесіздер. Біз тағы да осындай қиын жағдайға тап болмау үшін дұрыс шешім қабылдауымыз керек», – деді ол.

Бұдан бөлек АЭС ел экономикасының өркендеуіне серпін беріп, көміртегі шығарындыларын азайтады, елдің экологиялық беделін арттырады. Қалыбаев Амангелдінің айтуынша, атом электр станцияларын салу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ең басты мәселе.

«АЭС құнының 40%-ы қауіпсіздік жүйесіне бағытталады. Сонымен қатар Қазақстан технологиялық жағынан әлдеқайда алға кеткен III және III+ буынды АЭС салуды жоспарлап отыр. Атом энергиясын қауіпсіз, сенімді пайдалану стандарттары мен қағидаттарын Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) белгілейді. Осы орайда МАГАТЭ сарапшылары атом электр станциясын салу, оның жұмыс барысын бақылап отырады», – деді ол.

Халықтық штаб мүшелерімен кездесуде қазпошта қызметкерлері белсенділік танытып, штаб мүшелеріне АЭС-ның қоршаған ортаға тигізер зияны мен пайдасы, радиоактивті қалдықтар және нысанның салынатын орны, тариф жайлы сұрақтарын қойды.

Алматыда АЭС қауіпсіздігі және оның экономикалық тиімділігі талқыланды


Алматыда АЭС салу туралы алдағы референдум аясында «Абырой» бастауыш партия ұйымының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Ядролық физика институтының маманы Қылышбек Тұрлыбекұлы, «AMANAT» партиясы Жетісу аудандық филиалының төрағасы Асылбек Сатаев, «Алатау» лифт жасау компаниясының бас директоры Максим Телицкий, сондай-ақ Жетісу аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Тамара Шәкірова қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы атом энергетикасының қауіпсіздігі, сондай-ақ Қазақстанда АЭС құрылысының экономикалық тиімділігі мәселелеріне арналды.

«III және III + буын реакторлары төтенше жағдайлардың алдын алу үшін адамның араласуын қажет етпейтін пассивті қауіпсіздік жүйелерін қамтитын көп сатылы қорғаныс жүйелерінің арқасында қауіпсіздік деңгейінің жоғарылауымен ерекшеленеді. Осы буын реакторлары Төтенше жағдайлар кезінде дербес режимде жұмыс істей алады, бұл адам қателігінің қаупін едәуір төмендетеді және станция жұмысының сенімділігін арттырады», – деді АЭС заманауи технологияларының артықшылықтары туралы Ядролық физика институтының маманы Қылышбек Тұрлыбекұлы.

Қалалық штаб мүшелері сондай-ақ қазіргі заманғы атом электр станциялары қоршаған ортаға төнетін кез келген тәуекелді барынша азайтатынын атап өтті. Жаңа технологияларды енгізу арқылы атом энергетикасы көмірқышқыл газының шығарындыларын толығымен жояды, бұл оны әлемдегі электр энергиясын өндірудің ең экологиялық таза түрлерінің біріне айналдырады.

Өз кезегінде Асылбек Сатаев Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, атом электр стансасының құрылысы еліміздің импорттық электр энергиясына тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді және көптеген жыл бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге кепілдік береді. Ол сондай-ақ бұл электр энергиясы тарифтерін қолжетімді деңгейде ұстауға көмектесетінін, әсіресе өнеркәсіп секторының тұрақты дамуы мен бизнес жағдайын жақсарту үшін маңызды екенін атап өтті.

Кездесу белсенді пікірталаспен аяқталды, оның барысында қатысушылар жоба және оның Қазақстанның болашағына әсері туралы өз сұрақтарына толық жауап алды.

Ел экономикасына оң өзгеріс алып келетін бастама

Абай облысындағы АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері «Қазақтелеком» АҚ облыстық филиалының ұжымымен кездесті. Бүгінгі күні  өңіріміздің барлық елдімекенін жоғары байланысты мобильді оператормен және ғаламтор желісімен қамтып отыр.

Штаб мүшесі Наталья Перцева Қазақстанда атом энергетикасын дербес дамыту үшін қажетті ғылыми және инженерлік ресурстары туралы толық ақпаратты бөлісіп, ел экономикасына оң өзгерістер мен дамуына алып келетін АЭС бастамасын қолдауға шақырды.

 «Қазақстанда екі ірі ғылыми ұйым бар: 1. Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығы 2. Алматы қаласындағы Ядролық физика институты. Бұл институттар атом электр станциясын құру процесін ғылыми техникалық қамтамасыз ету рөлін атқарады, ал қызметкерлері МАГАТЭ сарапшылар құрамына кіреді. Қолданыстағы келісімдер мен меморандумдар аясында кадрлар даярлау саласында Шәкәрім атындағы университет, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ,  Назарбаев Университеті және басқа да қазақстандық ЖОО-лармен ынтымақтастық жүргізілуде. Сонымен қатар, Ядролық физика институтында радиациялық қауіпсіздік, бақылаудың бұзбайтын әдісі және ядролық қауіпсіздік бағыттары бойынша оқу орталықтары жұмыс істейді», – деп өз сөзінде  айтып өтті штаб мүшесі Наталья Перцева.

Кездесуде ұжым тарапынан көмірден, күннен, желден өндірілетін электр қуаттары туралы сауалдар қойып, оларға  жауаптар алынды. Атап айтсақ: 4,5 грамм уран таблеткасы 100 тонна көмір беретін электр қуатын бере алады. Сонымен қатар, көмірден тарайтын улы газдар әлемдік экологиялық ахуалға кері әсерін беруде. Көмірден шығатын күлдің өзінде бірнеше улы металдар, химиялық элементтер бар екендігін де айта кеткен дұрыс.

Өз кезегінде еңбек ұжымы Мемелекет басшысының бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары