176
Алимент төлемей жүрген әкелер миллиондаған ақшаны бәске тіккен
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы алимент төлемей жүрген әкелердің жасырын кірістерін тексерді.
Тексеріс нәтижесінде олардың миллиондаған қаражатты букмекерлік кеңседе бәске тіккені анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мысалы бір әкенің алимент бойынша 4,7 млн теңге қарызы бола тұра, бір жыл ішінде «1xBet» букмекерлік кеңсесіне 33,9 млн теңге ақша салып, 14,8 млн теңге шығарып алған.
1,8 млн теңге берешегі бар борышкер екі жылда «Olimpbet» букмекерлік кеңсесінде 2,5 млн теңгесін ұттырған.
Осындай 6 әкеге қатысты факт анықталды.
Борышкерлердің букмекерлік кеңселердегі операцияларының жалпы сомасы 56 млн теңгені құраған.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.