Петропавлда азық-түлікпен дүкенінде есірткі сатып келген кәсіпкер тұтқындалды

Петропавлда азық-түлікпен дүкенінде есірткі сатып келген кәсіпкер тұтқындалды

Петропавлда азық-түлікпен дүкенінде есірткі сатып келген кәсіпкер тұтқындалды
ашық дереккөзі
Солтүстікқазақстандық полицейлер азық-түлік дүкенінде есірткі сатып келген кәсіпкерді тұтқындады. Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Ол кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қала орталығынан үй-жайды жалға алған 47 жастағы Петропавл тұрғыны болып шықты. «Оның дүкенінде азық-түліктен басқа, жекелеген клиенттер сөреге қойылмаған «тауарды» сатып ала алатыны анықталды. Қосалқы ғимаратта полицейлер сатуға әзірлеген марихуана, гашиш орамаларын тапты. Есірткі кәсіпкердің жалдамалы үйінен де табылды. Барлық тәркіленген есірткі - 695 грамм болды», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге мүлкін тәркілей отырып, 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.