Үшінші сәбиі өмірген келген әнші Мейрамбек Бесбаевтың әйелі Мархабат Бесбаева құттықтаған көпшілікке алғыс білдірді.
«Ал, сүйінші менің құрметті оқырмандарым! Мен аман-есен босандым. Аллаға шүкір. Кім босанды деп ойлайсыздар?», – деп жазған еді Мархабат.
Көп ұзамай белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлы құпияны жариялап қойды.
«Қызымыздың бауы берік болсын! Әбухайыр енді аға болды», – деп жазды өнер иесі.
Бұдан кейін Мархабат Бесбаева өмірге келген сәбидің қыз екенін мәлімдеді.
«Бәрі ұл деп жүрген. Көптен күткен қызымыз дүниеге келді», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, өнер иесінің Кәусар есімді қызы мен Әбухайыр есімді ұлы бар еді.