376
Қоғамдық орында үлкен дәретке отырған азамат қамалды
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша Б-ға қатысты істі қарады.
Ол қоғамдық үлкен дәретке отырған. Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.
Орын алған құқық бұзушылық іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, іске қатысушылардың түсініктемелерімен, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталады.
Сот қаулысымен Б құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамаққа алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.