Оңтүстік Кореяда полициядан қашып кеткен қазақстандық іздестіріліп жатыр

Полицейлердің айтуынша, ұсталған азаматқа физикалық шаралар қолданылмаған, өйткені ол еш қарсылықсыз өз еркімен барған

Оңтүстік Кореяда полициядан қашып кеткен қазақстандық іздестіріліп жатыр
istockphoto.com
698

Оңтүстік Корея полициясы жол апатын жасаған және тәртіп сақшыларынан қашып кеткен 20 жастағы Қазақстан азаматын іздестіріп жатыр.

Azattyq Rýhy сайтының мәліметінше, оқиға 20 қыркүйекте кешке Ансондағы (Кенгидо провинциясы) Чонбу тасжолында болды. Көлік жүргізіп келе жатқан Қазақстан азаматы өзге көлікпен соқтығысқан.

«Апат туралы қоңырау түскеннен кейін оқиға орнына келген жұмыспен қамту делдалы полицияға А. азаматы құжаттары жоқ екенін айтты, содан кейін полиция жағдайды анықтау үшін құқық бұзушыны учаскеге алып барды.

Сағат 21:20-да, олар ғимаратқа кіру үшін саусақ ізін тану жабдықтарының жанында ұсталған адам полицейлерді итеріп, қашып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандықтың Кореяда жүруге рұқсаты тек осы жылдың шілдесіне дейін жарамды болғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, ұсталған азаматқа физикалық шаралар қолданылмаған, өйткені ол еш қарсылықсыз өз еркімен барған. 

«Қазіргі уақытта қашып кеткен азамат іздестіріліп жатыр», - деп хабарлады полиция.

Серіктес жаңалықтары