Алматыда жолаушылар автобус жүргізушісін соққыға жықты

Жолаушылар автобусында бірнеше адам төбелескен.

Алматыда жолаушылар автобус жүргізушісін соққыға жықты
видеодан скриншот
Автор
Админ
296

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа қарағанда оқиға 19 қыркүйек күні кешкісін болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Адам толы автобуста үш ер адам бір жолаушыға жабылып, соққыға жыққан. Одан кейін басқа жолаушыға дүрсе қоя берген. Осы кезде жүргізуші автобусты тоқтатып, оларды тыныштандыру шін салонға шыққан.

Сол кезде үшеуі жүргізушіге жабылып, автобус салонынан асфальта құлаған. Жүргізушіні жерде қалдырып, үшеуі қашып кеткен.

Алматы Полиция департаменті аталған факті бойынша тексеріс жүріп жатқанын жеткізді.

«Жанжалға қатысқан азаматтар мен алдын-ала деректер мәлім болды. Әрқайсының әрекетіне құқықтық баға беріледі», - деді баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары