«Райм Муслимге сыйлық жасады»: Ерке Есмахан күйеуі мен ұлының қарым-қатынасын сөз етті

Әнші отбасылық өмірі жайлы сыр шертті.

«Райм Муслимге сыйлық жасады»: Ерке Есмахан күйеуі мен ұлының қарым-қатынасын сөз етті
1402

Ерке Есмахан үлкен ұлының бойындағы өзгерістерге қазіргі күйеуі Раймның ықпалы барын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Муслимнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады, ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Муслимнің тұйық мінезін ашудың жолдарын іздеді. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады.? Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген “әке махаббатын” сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, “Папа мама” деп толыққанды отбасында өсуде. Міне, бүгін Папасы Муслимге сыйлық жасап қуантты. Көлігің құтты болсын, балам. Ақылды жігіт бол. Үмітімізді ақта. Артыңнан ерген ініңе үлгі бол. Өзіме жақсы жар ғана емес, балаларыма керемет әке нәсіп еткеніне Аллаға әрқашан шүкіршілігімді аямай айтып отырамын», - деп жазды Ерке әлеуметтік желіде.

Серіктес жаңалықтары