Шу қаласы тұрғынының ауласынан 10 келіден астам гашиш тәркіленді. 39 жастағы ер адам «Қарасора — 2026» және «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрғын үйдің ауласында жүргізілген тінту барысында 10 келі 108 грамм гашиш табылды.
Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Арнайы операция Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті, Жамбыл облысы Пполиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Шу ауданы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің және ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің Шу аудандық бөлімінің қызметкерлері, Қызылорда облысы ПД ЖҚАЖ қызметкерлерінің күштік қолдауымен өткізілді.