18 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданына қарасты Өрел ауылына алғашқы қар жауды, деп хабарлайды Голос народа.
Ауыл Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысында, сол жағалауында орналасқан. Ол арқылы Үлкен Нарын-Рахманов бұлақтары автожолы өтеді.
Катонқарағайда түнде температура -2 градусқа дейін төмендеген, ал күндіз +13 градусқа дейін көтеріледі деп болжанды.
Айта кетсек, былтыр Шығыс Қазақстан өңіріне алғашқы қар тамыз айында жауған болатын. Таңғы уақытта Белуха тауының маңына түскен.