219
Тергеу құрығына түскен құрылыс компаниясы тұрғындарды алдап, әлі де ақша алып жатыр
Полиция қазақстандықтарға үндеу жолдады.
Астанадағы "Ayana Plaza" тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылғанына қарамастан құрылыс компаниясы «пәтер сатып», азаматтардан әлі де ақша алып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Елорда полициясы "Kaztelematica" ЖШС, "Kaztelematica group" ЖШС және "Building company" ЖШС компанияларына қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Оларға тұрғындардың "Ayana Plaza" тұрғын үй кешенінің құрылысына салған ақшасын алдап алды деген айып тағылған.
Полицияға 110 жәбірленуші арыз жазған. Алайда сотқа дейінгі тергеу барысында жәбірленушілердің саны бұдан көп екені белгілі болды.
Осы орайда полиция тұрғындардан жоғарыда аталған тұрғын үй кешенінен пәтер аламын деп ақша салмауды сұрайды.