Қарағандыдағы саябақта адамдар мінген аттракцион құлады

Мәлімет бойынша, аттракционды пайдалану кезінде әйел мен бала отырған кабиналардың бірі құлаған

Қарағандыдағы саябақта адамдар мінген аттракцион құлады
Tengrinews.kz
342

Қарағандының орталық саябағында аттракциондардың бірінің кабинасы құлап, ішінде отырған әйел мен бала зардап шекті.

Төтенше жағдай «Вертолетик» балалар аттракционында болды. Мәлімет бойынша, аттракционды пайдалану кезінде әйел мен бала отырған кабиналардың бірі құлаған. Оларды дәрігерлер тексеріп, үйлеріне жіберді.

«Бұл аттракцион жеке тұлғаға тиесілі. Техникалық сараптама биыл маусым басталар алдында мамыр айында лицензиясы бар компаниямен жүргізілді. Меншік иесінде жұмыс істеуге қажетті барлық құжаттар бар. Қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады қалалық саябақтар мен бақшалар басқармасының баспасөз қызметі.

Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі саябақта болған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 306-бабының 2-бөлігі «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары